ӘЧ-2025: Фристайл-могулдан Анастасия Городко қола медаль иеленді

Фристайл-могул, Анастасия Городко, қола медаль , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2025 20:42 Сурет: olympic.kz
Швейцарияда фристайл-могулдан өтіп жатқан Әлем чемпионатында 21 наурызда Қазақстан спортшысы Анастасия Городко қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті атап өткендей, Городко қола медаль үшін таласта Кайли Кариотиске (АҚШ) қарағанда мықты болып шықты.

"Бірінші орын Джейлин Кауфқа (АҚШ) бұйырды. Екінші орын Тесс Джонсонға (АҚШ) тиесілі. Айта кетейік, бұл спорт түрі 2026 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген", делінген хабарламада.

Бұған дейін Зимбабвенің спорт министрі Халықаралық Олимпиадалық комитеттің президенті болғанын хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: