18 тамызға қараған түні Қазақстанның екінші ракеткасы Лейла Фернандеспен (26 WTA) бірге Линда Носкова (Чехия) / Диана Шнайдер (Ресей) дуэтінен 6:3, 6:4 есебімен басым түсті.
Матч 1 сағат 16 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Юлия мен Лейла бір эйс орындап, бір қос қателік жасады, жеті брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.
Енді финалда қазақстандық-канадалық жұп Цинциннати турнирінің үшінші ракеткалары болып тіркелген Әсия Мұхаммад (АҚШ)/Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия) дуэтімен бас жүлдені сарапқа салады. Айта кетейік, Эрин Рутлифф - жұптық сында әлемнің бірінші ракеткасы.
Бұл - Путинцеваның карьерасында жұптық сындағы екінші финал. Қазақстандық теннисші бұған дейін ресейлік Анна Калинскаямен бірге Осакадағы WTA 250 турнирінің финалисі атанған еді.