Қазақстанның үздік боксшысы ұлттық құрамадан кететіні рас па

Сурет: Instagram/sakenbibosinov
Әлеуметтік желілерде жеке бапкері Мырзағали Айтжанов қызметінен босатылғаннан кейін Қазақстанның үздік боксшысы Сәкен Бибосыновтың ұлттық құрамадан кететіні туралы ақпарат пайда болды. Ақпаратқа спортшы 2024 жылдың 18 тамызында Instagram парақшасында жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазнеттегі тарап кеткен әңгімеге боксшы Stories-те түсініктеме берді.

"Алла сақтасын, елімізде неше түрлі адамдар бар. Аудитория жинау үшін не істемейді. Мына сөз жалған ақпарат! Мен боксты қойған жоқпын."

Сурет: Instagram/sakenbibosinov

2024 жылдың 14 тамызында бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлері Олимпиадада сәтсіздікке ұшырап, жұмыстан шеттетілгені белгілі болды. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов пен жаттықтырушылар штабының 10 маманы қызметінен босатылып, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов те қызметінен кеткені хабарланды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды