Сәкен Бибосынов мансабына қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасынан соң мансабын әрі қарай жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде Мырзағали Айтжановтың соңынан Бибосыновтың да құрамадан кететіні туралы ақпарат тараған. Спортшы  бұл жаңалықтың шындыққа жанаспайтынын жеткізді. 


"Ештеңе өзгерген жоқ. Бұрынғыдай әлі де бокстамын. Олимпиадада ойдағыдай нәтиже көрсете алмадым. Елге келіп, бірден жаттығуға кірісіп кеттім. Желіде біраз адам менің құрамадан кететінім туралы хабар таратыпты. Бұл шындыққа жанаспайды, жалған мәлімет. Иә, қазір бапкерлер құрамы ауысқан соң, алдағы жарыс жоспарларына қатысты нақты ештеңе айта алмаймын. Алайда, үлкен спорттан әлі кетпегенімді, әрі қарай жұдырықтасатынымды айтқым келеді. Ал Олимпиадаға келер болсақ, біздің біраз жігіттер 2:3 есебімен қарсыласқа есе жіберді. Бұл сәтсіздік бізді шыңдай түсеріне сенемін. Мырзағали Айтжанов ағайымыз ұлттық құрамадан кетсе де, оның еңбегін ешкім жоққа шығармайды. Бапкеріммен әрдайым біргемін", - деді Бибосынов. 

Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионы әрі әлем  біріншілігінің қола жүлдегері (2021,2019), Токио Олимпиадасының қола жүлдегері (2020).

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды