Юлия Путинцева Us Open турнирінің үшінші айналымына шықты

Сурет: instagram/yulia_putintseva
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 32-орын) АҚШ ашық теннис чемпионатының екінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Путинцева екінші айналымда Қытай өкілі Ван Синьюмен (40-орын) кездесті.

Оны екі сетте жеңді - 6:1, 7:6. Осылайша, қазақстандық теннисші турнирдің үшінші кезеңіне өтті.

Юлия алғашқы айналымда чех теннисшісі Линда Носкованы (25-орын) 7:6, 6:4 есебімен ұтқан еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады