Ерлер мен әйелдер Чемпиондар лигасында қолданылатын доптар көпшілік назарына ұсынылды

Сурет: uefa
УЕФА Чемпиондар лигасының ресми доп жеткізушісі adidas 28 тамызда 2024/25 жылдарғы маусымда ерлер мен әйелдер Чемпиондар лигасында қолданылатын доптарды көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі доп бұрынғыдай классикалық сипатқа ие, бірақ оларда жаңартылған технология қолданылған. 2019 жылдан бері қолданылып келе жатқан доптағы жұлдыздардың бейнесі енді бір-бірімен жалғасып кете береді. Бұл туралы УЕФА өзінің ресми сайтында хабарлады.

Ерлер Чемпиондар лигасының жаңа добы толығымен культтік сипатқа ие: қара түстегі жұлдыздар ақ алтыбұрыштармен қабаттасып жатыр. Допқа таңба сипатында басылған қызыл-сары түс классикалық дизайнда заманауи көрініс береді, ең бастысы бұл ойыншылардың жаңа буыны Еуропадағы ең маңызды клуб кубогы үшін додаға түсіп жатқанын көрсетеді.

Сурет: uefa

Сонымен қатар, әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының жаңа добы ерлердікі секілді жұлдыздар мен алтыбұрыштардан тұрады, бірақ ол өздік ерекше графикаға ие. Adidas логотипі - күн сәулесі секілді сары түспен ерекшеленіп, өзіне бірден назар аударатады. 

Сурет: uefa

29 тамызда Монакода Чемпиондар лигасының 2024/25 негізгі кезеңі бойынша жеребе тартылды. Оны Джанлуиджи Буффон мен бес дүркін ЧЛ жеңімпазы Криштиану Роналду өткізді.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді