US Open-2024: Іріктеу ойындарында Даниал Рахматуллаев жолдама ұтып алды

Ақтаулық жас теннисші Даниал Рахматуллаев іріктеу ойындары барысында АҚШ-тың осы маусымдағы Ашық чемпионатының басты турына жолдама ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 тамызға қараған түні Нью-Йорктағы іріктеу ойындарында бақ сынаған Ақтау тумасы марокколық Карим Беннаниді жеңіп кетті. Үш сеттегі есеп – 7:6 (7/4), 4:6, 10:4.

Ал жартылай финалда Рахматуллаев корт қожайыны Рохан Белдайдан мықтырақ екенін дәлелдеді. Есеп: 6:4, 4:6, 10:8.

Енді ол US Open-2024 негізгі турына қатысатын болады. Оның қарсыласы жеребе тарту кезінде белгілі болады. Бұл турда тағы бір отандасымыз, біздің жасөспірімдер теннисінің көшбасшысы – Әмір Омарханов та өнер көрсететін болады. 

Айтпақшы, Даниал Рахматуллаев бір жыл бұрын ITF рейтингісінде Қазақстанның алғашқы ракеткасы ретінде тіркелген.

АҚШ Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: