Паралимпиада ойындары-2024: Бүгін жерлестеріміз төрт спорт түрінен бақ сынайды

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 31 тамызда Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар төрт сайыс түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 тамызда Қазақстан спортшылары пара нысана көздеуден, пара жеңіл атлетикадан, пара таеквондодан және волейболды отырып ойнаудан өнер көрсетеді.   

Пара нысана көздеуден сағат 12:30-да Еркін Ғаббасов жарыс жолына шықса, 15:00-де Севда Әлиева ел намысын қорғайды.

Сағат 13:08-де пара жеңіл атлетикада Гүлбақыт Қайыржанова өнер көрсетеді.

Сондай-ақ пара таэкондодан сағат 14:26-да Нұрлан Домбаев,14:48-де Нышан Өмірәлі жарысса, 17:00-де волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Босния және Герцоговина құрамасымен кездеседі.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды