US Open: Жұптық сындағы алғашқы матчта Анна Данилина жеңіске жетті

Сурет: ҚТФ
Қазақстандық теннисші Анна Данилина аралас сында АҚШ-тың Ашық чемпионатындағы алғашқы матчта сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы айналымда Данилина финляндиялық Харри Хелиоваарамен тізе қоса отырып, канадалық Габриэла Дабровски – ұлыбританиялық Джо Солсберимен өзара бақ сынасты.

Бірінші сетте жарыс фавориттері 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші сеттегі есеп қазақстандық-финляндиялық жұптың еншісіне шешілді: 7:6 (7:5).

Супер тай-брейктегі есеп – 10:8.

1 сағат 38 минутқа созылған кездесуде осылайша Анна Данилина – Харри Хелиоваара жеңіске жетті. Енді олар ширек финалға шығу үшін испаниялық Кристина Буча – Йоран Флигенмен өзара бақ сынасады.  

Айта кетсек, бұдан бұрын АҚШ-тың Ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында Даниал Рахматуллаевтың негізгі жарысқа жолдама алғаны хабарланған.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты