Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы атанды

Сурет: Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі
Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы атанды. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол финалда украиналық қарсыласы Лебид Дмитроны уақытынан бұрын иппон ұпайымен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлемдік рейтингте 5-ші орында тұрған отандасымыз жарысты екінші айналымнан бастады. Жалпы жарыс барысында ол төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де қарсылас шақ келтірген жоқ. Алғашқы қарсыласы Мунгун Учрал Ууганбаярды (Моңғолия), одан кейін ширек финалда Гиорги Гелашвилиді (Грузия) жеңді. Ал жартылай финалда украиналық Аркадии Смаиловтан басым түскен болатын. 

Айта кетерлігі, жасөспірімдер арасында сынға түскен Санжар Ерұланұлының бұл - Әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. 17 жасар Санжар бұған дейін 2024 жылғы маусымда  Қазақстан чемпионатын және Азия кубогін ұтқан, сондай-ақ Еуропа кубогінде күміс жүлдегер атанып үлгерген.  

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Перудің Лима қаласында өтіп жатыр. Әлем біріншілігіне 48 елден 403 жас татами шебері қатысуда.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды