Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарында алтын медаль еншіледі

Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі – 188 келі. 

Айта кетелік, Дегтярев өз мансабында екінші рет Паралимпиада ойындарында жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін ол Токиодағы пара ойындарда топ жарған еді. 

Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. Бұған дейін мерген Еркін Ғаббасов күміс жүлде еншілеген.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты