Қазақстан-Дания матчы: Александр Бублик күтпеген жерден қарсыласына жол беріп алды

Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Астанада Қазақстан мен Дания құрамалары арасында Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобының матчтары басталды. Жекелей сында кортқа бірінші болып шыққан Қазақстан теннисінің үздігі Александр Бублик (АТР рейтингісінде 27-орындағы) қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ATP рейтингінде 247-ші орында тұрған Эльмер Мюллермен өзара бақ сынасты. 

Бірінші сетте 6:1 есебімен Бублик суырылып алға шыққан еді, алайда екінші партияда дат спортшысы 6:2 нәтижесімен оған есе қайырды.

Үшінші сетте де Меллер жеңіс тізгінін бермеді. Есеп — 6:2.

Осылайша Дания Қазақстанмен текетіресте 1:0 болып басымдық танытты. 

Келесі ойын кезегі Александр Шевченко мен Август Хольмгрен арасында өтеді. 

Дэвис кубогының іріктеу матчтары үш сеттік форматта төрт жеке және бір жұптық кездесуден тұрады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды