Анна Данилина WTA турнирлері аясындағы 11-ші олжасына қол жеткізді

Сурет: ktf.kz
Қазақстан теннисшісі Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева жұбы Хуахинде (Тайланд) өтіп жатқан WTA 250 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнирдің финалында Данилина мен Хромачева гонконгтық Юдис Чонг пен жапониялық Маюки Учижимумен кездесіп, 6:4, 7:5 есебімен қарсыластарын жеңді. Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды.

Бұл - Данилинаның WTA турнирлері аясында қол жеткізген 11-ші олжасы. Бұған дейін Қазақстан теннисшісі мына турнирлерде жеңіске жеткен: Гвадалахара (WTA 500), Сидней (WTA 500), Окленд (WTA 250), Гамбург (WTA 250), Варшава (WTA 250), Гданьск (WTA 250), Румыния (WTA 250) және Италия мен Париждегі WTA 125 санатында алған тағы үш жүлдесі бар. 

WTA аясындағы өзінің оныншы жүлдесін Данилина 2024 жылдың 16 қыркүйегінде тағы осы Хромачевамен бірге додаға түсіп, Оксана Калашникова (Грузия) мен Камилла Рахимова жұбын жеңген болатын. Есеп: 2:6, 7:5, 10:7.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді