Тізім көшін 2023 жылғы Astana Open ATP 250 турнирінің финалисі, америкалық Себастьян Корда (15 ATP), америкалық Фрэнсис Тиафо (16 ATP), Чили өкілі Алехандро Табило (22 АТР), ресейлік Карен Хачанов (23 ATP), франциялық Артур Фис (25 ATP) және қазақстандық Александр Бублик бастады.
Қазақстанның оңтүстік астанасында сондай-ақ италиялық Флавио Каболли (32 ATP), чехиялық Томас Махач (35 ATP), өткен жылғы Astana Open ATP 250 турнирінің чемпионы, франциялық Адриан Маннарино (46 ATP), мажарстандық Фабиан Марожан (49 ATP), әлемнің бұрынғы 9-ракеткасы, италиялық Фабио Фоньини және басқалар ойнайды.
Қазақстан намысын ұлттық құрама көшбасшысы Александр Бубликтен басқа беделді жарыста Александр Шевченко, Михаил Кукушкин, Тимофей Скатов, Бейбіт Жұқаев және Денис Евсеев, жұптық сында Александр Недовесов қорғайды.
"Біз биыл жиналған құрамға өте ризамыз, өйткені олар - осы маусымда өздерін жақсы көрсеткен мықты теннисшілер. Биыл ТОП ойыншыларды шақыру өте қиынға түсті. Себебі Синнер, Алькарас, Джокович, Медведев және Надаль сияқты алғашқы алтылыққа кіретін ойыншылар Сауд Арабиясында болатын көрме турнирде өнер көрсетеді. Олар онда өте көп табыс табады, теннисшілер кепілдіктерін қосқанда, Сауд турнирінің жалпы жүлде қоры 15 миллион АҚШ долларын құрайды. Әрине, біз ойыншылар тарту үшін мұндай көлемдегі қаржыны жұмсамаймыз. Өйткені біздегі басты басымдық қазақстандық жасөспірімдерді дамытуға қатысты".Қазақстан теннис федерациясының ресми өкілі Юрий Польский