FIDE румын шахматшысын алаяқтыққа барды деген айыппен жарыстардан уақытша шеттетті

Сурет: Instagram/fide_chess
Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) алаяқтыққа барды деген айыппен Румыния атынан бақ сынап жүрген украиналық Кирилл Шевченконы жарыстардан шеттетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

FIDE баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала жүргізілген тергеу барысында гроссмейстер Кирилл Шевченкоға қарсы іс қозғауға жеткілікті факт анықталған. Соның негізінде оны 75 күнге, яғни 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін жарыстардан шеттету туралы шешім қабылданды, осы кезеңге дейін шахматшы ресми турнирлерде өнер көрсете алмайды.

Тәртіптік комитет, егер Шевченкодан екі апта ішінде осы іс бойынша дәлелді негізде өтініш түссе, уақытша шеттетуге қатысты өз шешімін қайта қарауға дайын екендерін де нақтылайды.

Гроссмейстер Кирилл Шевченко алаяқтық жасады деген күдікке байланысты Испания өткен командалық чемпионаттан шеттетілді. Турнирді ұйымдастырушылардың айтуынша, румындық шахматшы дәретханаға жиі барған, кейіннен одан ұялы телефон табылған. Ойыншының өзі болса, өз атына тағылған бұл айыпты жоққа шығаруда. 



Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды