Головкин бокстан алғаш рет өтіп жатқан U19 әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысты

Сурет: ҰОК
Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Пуэблодағы (АҚШ) бокстан алғаш рет өтіп жатқан U19 әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Шарада сөз алған Геннадий Головкин әлем біріншілігінің маңызына тоқталып, аталған дода спорттағы жаңа дарындардың жұлдызын жағуға көмектесетін алаң ғана емес, сонымен бірге түрлі елден келген жас боксшылардың бірлігі мен достығының белгісіне айналатынына сенімді екенін жеткізді. 

Айта кетелік, әлем чемпионатында 30 елден 180 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын мына жігіттер қорғайды:

Сурет: ҰОК

Алғашқы болып рингке Диас Серікұлы шықты. Ол Алжир командасының өкілі Ислам Дахлалды жеңді.

Еске салсақ, World Boxing – 2023 жылдың сәуір айында құрылған Халықаралық бокс федерациясы. Биылғы жылдың қыркүйек айында Қазақстан аталған ұйымға кіру үшін өтініш берді. 

Бұған дейін Геннадий Головкин World Boxing Олимпиадалық комиссияның төрағасы қызметіне тағайындалған.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

2025-2026 оқу жылы: Оқушылардың білім алу уақыты мен демалыс кезеңі белгілі болды