Гимнаст Ақмарал Ерекешева Гран-при турнирінде бес медаль жеңіп алды

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Гран-при турнирінде бес медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2026 23:15 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңін бес медальмен аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз жекелей көпсайыста екінші орын алған еді. Сондай-ақ жекелей жаттығулар бойынша төрт финалға шықты.

Нәтижесінде Ақмарал шығыршықпен орындалатын жаттығуда 29.150 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды.

Ал доппен орындалатын жаттығуда 28.000 ұпай, ұршықтар бәсекесінде 29.050 ұпай және таспамен орындалатын жаттығуда 27.600 ұпай еншілеп, үш күміс медальға ие болды.

Осылайша, Ақмарал Ерекешева бір алтын және төрт күміс медальмен жарысты аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: