Қазақстан палуаны Албанияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында алтынға таласады

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық балуан Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен Тиранда (Албания) өтіп жатқан Әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Грек-рим күресінің жартылай финалында 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Ресей палуаны Садық Лалаевпен кездесті. Ержет мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Ертең, 29 қазанда ол финалда алтын медальға таласады. Оның қарсыласы әзірбайжандық Нихат Маммадали болмақ.

Бұған дейін еркін күрестен Қазақстан командасының өкілі Ризабек Айтмұхан 27 қазанда Тиранда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз