АЧ-2024: Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы қола медаль иеленді

Сурет: icehockey.kz
Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Бейжіңде өтіп жатқан Азия чемпионатында өнер көрсеіп, қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы үшінші турда жерлестеріміз Корея Республикасының өкілдерімен кездесті. Екі команда да Бейжіңде екі рет жеңіліске ұшырады, сондықтан олар қола медальға таласта бетпе-бет кездесті.

Кездесудің негізгі уақыты 4:4 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Қазақстан хоккей федерациясы.

Қазақстандықтар үш гол соғып, алда келе жатқан, алайда бұл артықшылықты қолдан жіберіп алды.

Отандық құрама сапында Мунира Саяхатқызы (9 минут), Дильназ Саяхатқызы (18), Александра Шегай (34) және Дария Молдабай (36) қақпаға шайбаны мүлт жібермей соқты.

Корей тарапынан Пак Джи-юн (10), Пак Джун-а (40), Хан Су-джин (55) және Пак Джу-ен (57) ерекшелене білді.

Бес минуттық овертаймда да жеңімпаздар анықталмады.

Буллиттер сериясында командалар алты реттен әрекет жасады. Жалғыз голды Қазақстан құрамасының капитаны Анастасия Оразбаева соқты. Осылайша, ұлттық команда екі ұпай жинап, Азия чемпионатында үшінші орын алды. 

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы