Алан Құрманғалиев Италияда өтіп жатқан турнирде қола медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшысы Алан Құрманғалиев Италияның Линьяно қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 17 жасқа дейінгі жас санатында үшінші орынға ие болды.

Алан франциялық Томас Ларошты, испандықтар Фонт Аниол мен Франческ Каррераны, чехтар Мартин Ратажский мен Мартин Вайглды жеңді.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы француз Натан Пиларға 2:3 есебімен есе жіберді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қырғызстандық студенттерді заңсыз криптовалюта операцияларына тартқан

Бас прокуратура мәслихат сайлауы қарсаңында мәлімдеме жасады

27 қарашадағы валюта бағамы – Астана мен Алматының ақша айырбастау пункттеріндегі баға

Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт туралы жаңа мәліметтер белгілі болды

Тоқаев AI Journey 2026 халықаралық жасанды интеллект конференциясында не айтты