Алан Құрманғалиев үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 19:55 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жұптық сында Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетті.

Жартылай финалда қазақстандық-ирандық жұп Оңтүстік Корея спортшыларына 0:3 есебімен жол берді. Осылайша, Алан Құрманғалиев пен Беньямин Фараджи әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Алан Құрманғалиев 2022 жылы да жастар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алған. Ол аралас жұптық сында чемпион атанса, жекелей сында қола жүлдеге ие болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: