Дэвис кубогы: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғаш рет ширек финалға шықты

Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының финалдық кезеңінде плей-офф сатысына шыққан алғашқы командалар анықталды

Командалық әлем чемпионатының топтық бәсекесінде Қазақстан құрамасы Гонконгты тізе бүктірді.

Қазақстандық жасөспірімдер Гонконгпен Шымкентте мамыр айында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің жартылай финалында кездесіп, 2:1 есебімен ұтқан еді.

Бұл жолы матчты Дамир Жалғасбай (№ 198 ITF Juniors) мен Николас Чэн (№ 298 ITF Juniors) бастады. Бірінші сет Дамирдің еншісінде кетті – 6:2. Екіншісінде Гонконг өкілі басым болды – 6:4. Шешуші партияда қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды – 6:3.

Осылайша, Д.Жалғасбай үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде мамыр айындағы іріктеуде Чэнге кеткен есені қайтарды.

Екінші ойында Заңғар Нұрланұлы (№ 77 ITF Juniors) Джек Чэнді (№ 205 ITF Juniors) қапы қалдырды. Бірінші сет 6:3 есебімен Заңғардың пайдасына шешілсе, екіншісінде ол қарсыласына мүлдем дес берген жоқ – 6:3.

Сөйтіп, жұптық бәсекенің нәтижесіне қарамастан, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет Juniors Davis Cup жарысының ширек финалына мерзімінен бұрын жолдама алды.

Ертең, 13 қараша күні В тобында Қазақстан Франциямен ойнайды. Франциялықтар да Оңтүстік Африка Республикасы теннисшілерін жеңгендіктен, ширек финалға өтіп отыр. Тек Қазақстан – Франция матчында қай құраманың В тобынан бірінші және екінші орынмен шығатыны шешіледі.Қазақстан құрамаларының демеушілері — "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қоры.

Серіктес материалы

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты