Аргентинада матч кезінде жас футболшының басына доп тиіп, қаза тапты

Аргентинада матч кезінде жас футболшының басына доп тиіп, қаза тапты , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2026 14:08 Сурет: instagram/futbolclubezeiza
Аргентинада жастар арасындағы турнир кезінде басынан ауыр жарақат алған жас футболшы Абель Нуньес қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

TyC Sports басылымының мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 12 қарашада болған. Матч кезінде доп Абель Нуньестің басына қатты тиген. Соққыдан кейін футболшы алаңға құлаған. Алдымен оған оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер ота жасағанымен, спортшының жағдайы жақсармаған. Оның қайтыс болғаны 15 қарашада белгілі болды.

2008 жылы туған Абель Нуньес FC Ezeiza жастар командасында өнер көрсеткен. Сондай-ақ "Нуэва Эстрелья" футзал клубының қосалқы құрамында ойнаған.

Қайғылы оқиғадан кейін екі клуб та футболшының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ал "Нуэва Эстрелья" клубы осы жағдайға байланысты жоспарланған матчтарын өткізбейтінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін, 2026 жылғы 4 қарашада, аты аңызға айналған италиялық кинорежиссер Тинто Брасс 93 жасында қайтыс болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: