Жас футболшының өліміне ҚФФ пікір білдірді

Жас футболшының өліміне ҚФФ пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2025 15:11 Сурет: Instagram/fckairat_academy
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Давид Лория жас футболшы Диас Төлеудің алаңда қайтыс болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лорияның сөзінше, өлімнің нақты себебі әлі анықталуда.

"Бұл біз үшін үлкен трагедия, себебі бала мүлдем сау еді және өзін тамаша сезінген. Носилкалармен әкеткенде, сіздер көргендей, ол санасында болды. Иә, өзін нашар сезінді. Өкінішке қарай, әлемде мұндай трагедиялар жиілеп кетті, тіпті балалар толық медициналық тексеруден өткен болса да, неліктен бұл болып жатыр – оны зерттеу керек", – деді Лория.

"Хан Тенгри" Футбол клубының ойыншысы Диас Төлеу 16 қазан күні қайтыс болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: