Бавария футбол клубының жартылай қорғаушысы әйеліне ұшақ тарту етті

Сурет: pixabay
"Бавария" клубының атақты жартылай қорғаушысы Томас Мюллер жұбайына құны 2,4 млн евроның ұшағын тарту етті. Футболшының әйелі жақында ұшқыш лицензиясын алмақшы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лиза Мюллер авиациялық мектепте оқып жатыр, оқу мерзімі бір жылды құрайды, деп хабарлайды Bunte. Келіншектің өзі кәсіби джокей және ұшу кезіндегі секілді еркіндік сезімін ұнататынын айтады.

2023 жылы футболшының әйелі ұшу курсынан өтіп, содан бері үнемі ұшақтар мен тікұшақ тізгініне отыруды әдетке айналдырған. 

"Мен батареямен істейтін кішкентай Duracell қояны секілдімін. Бір орнымда отыра алмаймын. Әрқашан белсенді болып, бірдеме жасап жүремін. Ұшақ кабинасында болу, керісінше, маған керемет демалыс сыйлайды. Ондайда басым тынығып, бәрін ұмытамын". Лиза Мюллер

Томас жұбайына автопилот пен навигациялық жүйесі бар Pilatus PC-12/45 ұшағын сатып алды. Оның бағасы шамамен 2,4 миллион евроны құрайды.

 

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі