Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді

Сурет: Федерацияның баспасөз қызметі
26 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Канадада жастар арасындағы шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы В тобында Оттава қаласында ойнап, топтық кезеңде Чехия, Словакия, Швейцария және Швеция командаларымен кездеседі.

16 желтоқсанда Астанадағы оқу-жаттығу жиыны аяқталғаннан кейін хоккейшілер Канадаға аттанады. Онда дайындықты жалғастырып, екі жолдастық матч өткізеді: 19 желтоқсанда Германия құрамасына қарсы ойнаса, ал 21 желтоқсанда Орталық Канада хоккей лигасында (CCHL) өнер көрсететін "Хоксбери Хокс" жастар командасымен мұз айдынына шығады.

27 желтоқсанда Қазақстан құрамасы чемпионатты бастайды. Алғашқы матч шведтерге қарсы болмақ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді