Өзбекстандық боксшы иығынан тістеп алған Абылайхан Жүсіпов Азия-2024 чемпионы атанды

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Тәжірибелі қазақстандық боксшылардың бірі Абылайхан Жүсіпов біраз уақыттан кейін Өзбекстан өкілі Хавасбек Асадуллаевқа қарсы соңғы жекпе-жектегі жанжалдан кейін Азия-2024 чемпионы деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекпе-жектегі түсініспеушілік Чианг Мэйде (Таиланд) өткен Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалдық кездесуінде болды.

Белгілі болғандай Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев жекпе жегінде өзбекстандық боксшы спорттық ережені өрескел түрде бұзған.

Осыған байланысты Қазақстан бокс федерациясы 71 келі салмақ дәрежесіндегі финал бойынша IBA және ASBC ұйымдарына наразылық хат жолдады. Онда шаршы алаңдағы төреші Джована Угренович (Сербия) бұл сәтте ешқандай ескерту жасамағаны да сөз етіледі. Ал, Қазақстан тарапында ереже бұзылуына дәлел ретінде фото және видео материалдар да бар.

Нәтижесінде IBA және ASBC ұйымдары осы салмақтағы ақтық сынды қайта қарастырып, келесі шешімге келді. 71 келіде Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды, ал өзбекстандық боксшы белгілі мерзімге жарыстардан шеттетіледі.

Бұған дейін "Астана" өз алаңында "Челсиден" ұтылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді