Астанада өткен бокс кеші: Дәулет Дәукенов аргентиналықты мерзімінен бұрын жеңді

Сурет: instagram/daulet_daukenov
Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов Астанада өткен бокс кешін өткізді. Ол кештің басты жекпе-жегінде аргентиналық Карлос Кордобамен жұдырық түйістірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған болатын, бірақ ол төрешілердің жекелей шешімімен мерзімінен бұрын аяқталды.

Осылайша Дәулет Дәукенов кәсіби мансабындағы 15-ші жеңісіне қол жеткізіп, WBL нұсқасы бойынша кіші чемпион белбеуін ұтып алды.

Отандасымыз 2017 жылдан бастап кәсіби рингте өнер көрсетіп келеді.

Сондай ақ 20 желтоқсанда Астанада өткен Fight Nights boxing кәсіби бокс кешінде де боксшы қызымыз Балауса Мұздыман мен Үндістан өкілі Сушила Вират арасындағы жекпе жек те мерзімінен бұрын аяқталған болатын. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді