Қазақстан жастар құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионына түсіп қалды

Сурет: Қазақстан хоккей федерациясы
Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін Германиямен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 4-минутында Асанәлі Русланұлы көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Көп ұзамай германиялық Максим Шефер есепті теңестірді.

Ал 17-минутта қазақстандық Никита Ситников қайтадан ұлттық құраманы алға шығарса, екінші кезеңнің 22-минутында Артур Гросс басымдықты арттыра түсті.

Қарсыластар сапынан Максим Шефер 23, Эдвин Тропман 24- минутта қос гол соғып, таразы басын теңестірді.

Ойынның 44-минутында Юлиус Зумпф соққан шайба Германияға жеңіс алып келді.

Осылайша Қазақстан жастары қарсыласына 3:4 есебімен жеңіліп, бірінші дивизионға түсіп қалды. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан жастар құрамасы жоғары дивизионда тоғыз мәрте бақ сынады. 1999 жылы алтыншы орынға тұрақтады. Әзірге бұл ұлттық құраманың ең үздік көрсеткіші.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді