Заңғар Нұрланұлы "Үлкен дулыға" турниріндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Сурет: ktf.kz
Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 39-орында тұрған қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда турнирді ұйымдастырушылардан wild card алған аустралиялық Николас Бейкерді 6:2, 3:6, 6:3 есебімен ұтты.

Бір қызығы, Заңғар өз мансабында аустралиялық теннисшілерден жеңіліп көрмеген. 2023 жылы жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогы іріктеуінде Нұрланұлы Макфадзенді 5:7, 6:3, 6:1 есебімен ұтты. 2024 жылы жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының іріктеуінде ол аты аңызға айналған Лейтон Хьюитттің ұлы – Крузды 6:1, 6:0 есебімен ұтты.

Қазақстандық екінші айналымда ITF Juniors рейтингінде 21-орында тұрған болгариялық Александр Васильевпен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің төртінші айналымына шыққанын жазған едік. 

Ол үшінші айналымда украиналық теннисші, әлемнің 33-ракеткасы Даяна Ястремскаямен кездесіп, қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған