Australian Open: Әмір Омарханов ширек финалға сәл жетпей тоқтады

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалынан тыс қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы  оның үшінші айналымдағы қарсыласы жасөспірімдер арасында 18, сондай-ақ ATP рейтингісінде 1473-сатыдағы швециялық Виллиям Рихтман еді.

Матч тартысты өрбіп, бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басымдылық танытты. 

Екіншісінде швециялық спортшы есе қайырды – 6:4. Үшінші, шешуші сетте тай-брейкте Рихтманның жолы болды – 7:6 (10:6).

Ойын екі сағат 34 минутқа созылды.


 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы