"Қарағандының тумасы Сметовтың алдын орап кетті". "Жылдың үздік дзюдошы" атағы кімге бұйырды

Сурет: Instagram/olympic.kz
Әзірбайжандық Хидаят Гейдаров Халықаралық дзюдо федерациясының "Жылдың үздік дзюдошысы " номинациясының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

IJF-тің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, аталған санаттағы үш финалист қатарында грузин спортшысы Лаша Бекаури мен қазақстандық Елдос Сметов те бар.

Барлық үміткерлер Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль иеленген.

Нәтижесінде Қарағандыда дүниеге келген, бірақ ертеректе отбасымен Бакуге көшіп кеткен Гейдаров жеңіске жетті. Марапаттау рәсімі Парижде Қазақстан құрамасы жіберіп алған Grand Slam сериясының турнирі аясында өтті.

2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль алған канадалық Криста Дегучи қыздар арасындағы "Жылдың үздік дзюдошысы" деп танылды. Жылдың үздік иппоны сыйлығын француз Тедди Ринер жеңіп алды.  

Алдында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов "Ерлер арасындағы жылдың үздік дзюдошысы" (Male Judoka of the Year) марапатына, ал Ғалымжан Қырықбай "Үздік иппон" (Best Ippon) номинациясына үміткер ретінде ұсынылғанын жазғанбыз. Сондай-ақ бүгін хоккейші қыздарымыз Гонконг құрамасын 12:0 есебімен ойсырата ұтқаны хабарланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін