Хоккейші қыздарымыз Гонконг құрамасын 12:0 есебімен ойсырата ұтты

Хоккей, қыздар құрамасы, Қытай, Ганконг, жеңіс, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 21:48 Сурет: olympic.kz
3 ақпанда Қазақстан құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында өз жарысын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комиетінің хабарлауынша, ең бірінші болып мұз айдынға хоккейші қыздар шықты. Ашылу күнінде олар Гонконг құрамасымен кездесіп, таңғаларлық жеңіске жетті. 

Отандастарымыз Гонконг құрамасын 12:0 есебімен ойсырата ұтты.

Гонконг - Қазақстан 0:12 (0:4, 0:5, 0:3)

0:1 - 8:31 - М. Саяхатқызы (Д. Саяхатқызы, Воронова)

0:2 - 11:21 - Д. Саяхатқызы (Воронова, Зубкова)

0:3 - 13:27 - Свиридова (Пяткова, Алдабергенова)

0:4 - 18:39 - Д. Саяхатқызы (Әшімова, Свиридова)

0:5 - 20:35 - Тұрсынова (Шегай)

0:6 - 24:43 - Оразбаева (Молдабай, Филимонова)

0:7 - 26:22 - Д. Саяхатқызы (буторина, зубкова)

0:8 - 38:19 - Зубкова (Олжабаева, Әшімова)

0:9 - 38:28 - М. Саяхатқызы (Буторина, Воронова)

0:10 - 50:15 - Молдабай (Тұрсынова, Филимонова)

0:11 - 56:29 - М. Саяхатқызы (Свиридова, Алдабергенова)

0:12 - 58:15 - Куценко (Королева, Воронова)

Қақпашылар: Мок - Щеколова

Біздің қыздарымыздың келесі қарсыласы - Таиланд құрамасы. Кездесу 4 ақпанға жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: