Қазақстан құрамасының тәлімгері 2026 жылғы Әлем кубогының іріктеу кезеңіндегі сәтсіз ойын жайлы ашып айтты

Сурет: Instagram/kff_team В
23 наурызға қараған түні футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу раунды шеңберінде бірінші кездесуін өткізді. Біздің футболшылар Уэльс командасына 1:3 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңілістен кейін қазақстандық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев өз шәкірттерінің ойынын қорытындылады.

Оның айтуынша, ойынның алғашқы бөлігінде құрама жақсы ойын өрнегін көрсетті, үзіліске 1:1 есебімен шықты. Алайда, екінші кезеңде қарсылар команда қорғаныс аймағындағы екі қателікті сәтті пайдаланып, ойында 1:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша 2026 жылғы Әлем кубогына іріктеу кезеңі қазақстандықтар үшін жеңіліспен басталды. Бүгінде құрама J кіші тобындағы бес команданың ішінде төртінші орында тұр. Үздік үштікке Солтүстік Македония, Уэльс және Бельгия құрамалары енді. Бұл ретте Қазақстан құрамасы тек қосымша көрсеткіштер бойынша Лихтенштейннен озып тұр.

Іріктеу кезеңінің екінші матчы дәл осы Лихтенштейнмен 26 наурызға қараған түні өтеді деп күтілуде.

Бұған дейін Черчесовтың футболдан Қазақстан құрамасына сәттілік тілеп, қазақша құттықтау жолдағаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз