Қазақстан Су спорты түрлері федерациясына жаңа президент сайланды

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Су спорты түрлері федерациясының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында спорттық ұйымның президенті Андрей Крюков өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеді. Ол бұл қызметті 2019 жылдан бері атқарып келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның орнына Нұрлан Жақыповтың кандидатурасы ұсынылып, жиынға қатысушылар оны бірауыздан қолдады. Федерацияның вице-президенті болып Мират Өтепов сайланды.

Андрей Крюков әріптестеріне бірге атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, жаңа басшылық Қазақстандағы су спортын дамыту бағытын жалғастыратынына сенім білдірді. Өз кезегінде, Нұрлан Жақыпов халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың, спортшыларды даярлау жүйесін жетілдірудің және тұрақты спорттық резерв қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан Су спорты түрлері федерациясы 1998 жылы құрылған. Федерация жүзу, су добы, әртістік жүзу, суға секіру және ашық суда жүзу спорт түрлерін қамтиды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады