Михаил Шайдоров ерлер арасындағы әлемдік рейтингіде үздік үштікке енді

Сурет: facebook/CGTNSportsScene
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) үздік мәнерлеп сырғанаушылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Онда Қазақстан өкілдері арасында ең үздік орынды Михаил Шайдоров иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жақында 20 жастағы алматылық спорттық мансабында алғаш рет ерлер арасындағы жекелей сында мәнерлеп сырғанаудан 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Осы нәтиженің арқасында Михаил Шайдоров қазір ISU жаңартылған рейтингінде жапониялық Юма Кагияма мен Илья Малининнен кейін үшінші орында тұр.

Әйелдер рейтингіне келсек, онда Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Софья Самоделкина ISU классификациясының 19-сатысында тұр.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алған алғашқы қазақстандық спортшылар атанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Министрліктер мен мемлекеттік органдардың МКК органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі бекітілді