Чехиядағы үстел теннисінен халықаралық турнир: Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Сурет: olympic.kz
5–9 сәуір аралығында Чехияның Гавиржов қаласында үстел теннисінен WTT Feeder Havirov халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы сапынан Кирилл Герасименко, Зәуреш Ақашева, Алан Құрманғалиев, Сарвиноз Миркадирова, Дастан және Айдос Кенжіғұловтар, Абдулла Мамай, Әнел Бақыт, Санжар Жұбанов пен Сағантай Құрмамбаев ел намысын қорғайды.

Жүлдеге үміткерлер қатарында жұптық сайыста әлем және Еуропа чемпионы Маттиас Фальк (Швеция), Еуропаның екі дүркін чемпионы Маркуш Фрейташ (Португалия), Азия чемпионатының төрт дүркін қола жүлдегері Манав Таккар (Үндістан), жастар арасындағы әлем чемпионы әрі Еуропа вице-чемпионы Флавьен Котон (Франция), Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Сато Хитоми (Жапония), Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Изабела Лупулеску (Сербия) және Еуропа чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Наталья Байор (Польша) сынды атақты спортшылар бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды