Ле мен Сәтпаев нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді

Сурет: olympic.kz
Нысана көздеуден Буэнос-Айресте (Аргентина) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстанның екі командасы алғашқы ондыққа енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Александра Ле мен Ислам Сәтпаев пневматикалық винтовкадан (10 метр) аралас командалар арасындағы жарыста сегізінші орын алды.

Дәл осы бағдарламада Елизавета Безрукова мен Константин Малиновский оныншы орынға тұрақтады.

Бұл сайыста Қытай құрамасы жеңіске жетсе, екінші орынды Үндістан иеленді. Ал үздік үштікті Аргентина түйіндеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде бір медаль бар. Қола жүлдені Арина Алтухова жеңіп алды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді