Қазақстан әйелдер құрамасы бокстан Бакудегі турнирде тоғыз медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Бокстан Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан "Жібек жолы" турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы жалпы саны тоғыз жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алтын медальді Элина Базарова (54 келіге дейін) мен Виктория Байдукова (57 келіге дейін) жеңіп алды.

Күміс жүлдені Анжа Сәдуақасова (52 келіге дейін) иеленді.

Қола медаль иегерлері: Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Элянур Тұрғанова (50 келіге дейін), Томирис Мырзақұл (52 келіге дейін), Сымбат Әлиасқар (54 келіге дейін), Әзиза Исина (70 келіге дейін) және Дина Исламбекова (81 келіден жоғары).


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды