Әлімханұлы мен Канелоның шайқасуы мүмкін бе - сарапшылар не дейді

Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
Бокс саласындағы америкалық сарапшы Рик Глейзер қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы болуы мүмкін жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Legalbet.kz басылымының жазуынша, Глейзер мұндай жекпе-жек мүмкін емес екенін айтқан.

"Әлімханұлының Канеломен жекпе-жекке түсуі мүмкін бе? Жоқ. Мүлдем. Себебі мұндай жекпе-жек Канелоға ештеңе бермейді", – деп жауап берді спорт маманы.

Әлімханұлы (17-0, 12 КО) – орта салмақтағы IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы, Канело (62-2-2, 39 КО) – екінші орта салмақтағы WBC және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылдың 6 сәуірі қарсаңында нокаутқа жіберген атышулы жеңісінен кейін мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альваресті шаршы алаңға шақырған болатын.


"Канело! Сен қайдасың? Мен орта салмақтағы корольмін! Сен де өзіңді король деп санайсың! Әлемге екі корольдің жекпе-жегін көрсетейік!"- деп жазды Әлімханұлы Альвареске X әлеуметтік желісінде.

Бұл ретте, халықаралық турнирде қазақстандық боксшылардың Өзбекстан спортшыларын басып озғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды