Төрт финал: қазақстандық гимнастар Дохадағы Әлем кубогының кезеңін сәтті бастады

Сурет: olympic.kz
Дохада (Қатар) спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан ерлер құрамасы халықаралық турнирді сәтті бастады. Іріктеу кезеңінің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша төрт гимнаст финалға жолдама алды.

Еркін жаттығулар бағдарламасында Милад Карими 13,800 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті. Ал Алтынхан Темірбек 13,466 ұпаймен төртінші орын иеленіп, финалға шықты.

Сонымен қатар қазақстандық спортшылар ат снарядындағы жаттығулар бойынша да жүлде үшін күреседі. Нариман Құрбанов бұл бағдарламада 14,566 ұпай жинап, іріктеу кезеңінде екінші орын алды. Ал Зейнолла Ыдырысов 14,466 ұпай иеленіп, төртінші орынмен финалға өтті.

Іріктеудің екінші күнінде Милад Карими (кермедегі жаттығулар) және Алтынхан Темірбек (тіреуішпен секіру) өнер көрсетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды