"90+1" атты қазақстандық футбол туралы алғашқы фильмнің тұсаукесері өтті

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Астанада "90+1" атты көркем фильмнің жабық көрсетілімі өтті. Кинокартинаның режиссері – "Қазақша бизнес", "Әкім" секілді жобалармен танылған Тимур Дулатов, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басты рөлдерді Қуаныш Керімқұлов, Алмат Сақатов және Артур Асқарұлы сомдады. Фильмде футболды жақсы көретін жігіттің арманы мен өмір жолында кездескен қиындықтары туралы баяндалады. Туынды шытырман оқиғаларға толы. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, "90+1" фильмі – жастар мен жасөспірімдерге арналған мотивациялық туынды. Фильмнің басты идеясы – қандай жағдай болмасын арманнан бас тартпау. 

Айта кетейік, "90+1" фильмі 2025 жылдың 24 сәуірінен бастап Қазақстанның барлық өңірінде прокатқа шығады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады