Елена Рыбакина WTA рейтингінде Соболенкоға таяп қалды

Елена Рыбакина WTA рейтингінде Соболенкоға таяп қалды , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2026 11:47 Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде екінші орынды иеленіп отыр. Ол әлемнің бірінші ракеткасы саналатын Беларусь өкілі Арина Соболенконы қуып келеді. Қазіргі таңда Рыбакина көшбасшыдан 500 ұпайға жетпейтін айырмашылықпен қалып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, әлемдік рейтингтің алғашқы бестігіне енген теннисшілер тізімі төмендегідей:

  1. Арина Соболенко (Беларусь) – 8550 ұпай (18 турнир)
  2. Елена Рыбакина (Қазақстан) – 8056 ұпай (21 турнир)
  3. Джессика Пегула (АҚШ) – 6300 ұпай (18 турнир)
  4. Коко Гауфф (АҚШ) – 5649 ұпай (18 турнир)
  5. Мирра Андреева (Ресей) – 5293 ұпай (20 турнир)

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева WTA-ның жаңартылған жеке разрядтағы әлемдік рейтингінде 79-орында тұр. Ол 16 турнир қорытындысы бойынша өз қоржынына 904 ұпай жинаған.

Қазақстандық тағы бір теннисші Жібек Құламбаева әлемдік рейтингте 465-орында орналасқан.

Сондай-ақ, Аружан Сағандықова 624-орынды, ал Асылжан Арыстанбекова 941-орынды иеленіп отыр.

Бұған дейін Бублик Аустриядағы турнирде чемпиондық атағын қорғай алмағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: