"Аңыз тұлға". Өзбекстандық боксшы Бекзат Саттархановтың ескерткішіне тағзым етті

Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Өзбекстанның белгілі боксшысы, Лондон Олимпиадасына қатысушы Жасурбек Латипов Түркістандағы Бекзат Саттархановтың ескерткіше тағзым етіп, құрметті көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы сәтті сипаттайтын суретті өзбекстандық спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Бекзат Саттарханов – 57 келі салмақ дәрежесінде 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы. 20 жасында жеңіске жеткен аңыз тұлға", деп жазды Латипов желіде суретті жүктей отырып.

Айта кетсек, Жасурбек Латипов әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері. Ол 2011 жылы Бакуде өткен әлем чемпионатында қола жүлде иеленсе, 2013жылы Алматыда, 2017 жылы Гамбургте өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген. Сондай-ақ, ол - Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды