ҚФФ төреші Есмұратов пен "Елімай" бапкері Карповичке қатаң жаза қолданды

ҚФФ төреші Есмұратов пен "Елімай" бапкері Карповичке қатаң жаза қолданды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2026 18:10 Сурет: Қазақстан футбол федерациясы
23 маусымда Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтіп, Премьер-лиганың 13-туры аясындағы матчтардың қорытындысы қаралды. Соның ішінде Семейде өткен "Елімай" – "Ордабасы" кездесуі ерекше назарға ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Елімай" командасының бас бапкері Андрей Карпович матчтың ресми тұлғасының әрекеттерімен агрессивті түрде келіспей, ойыншылар, клуб өкілдері мен төрешілер арасында жанжалдың туындауына себеп болғаны, сондай-ақ беделге нұқсан келтіретін мәлімдемелер жасағаны үшін төрт матчқа шеттетілді. Дисквалификация мерзімі 2026 жылғы 15 маусымнан бастап есептеледі.

Сондай-ақ "Елімай" клубының басқарушы директоры Федор Симиниди матч барысында алаңға жүгіріп шығып, ресми тұлғаға агрессия танытқаны үшін, әрі Қазақстан Премьер-лигасы регламентінің 6.43-тармағының 14-тармақшасын бұзып, ойыннан кейін төрешілер бөлмесіне кіріп, матчтың ресми тұлғасына балағат сөздер айтып, қорқытқаны үшін 2026 жылғы 1 қазанға дейін стадиондарға кіру құқығынан айырылды. Бұдан бөлек, оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

"Елімай" футбол клубына да жанкүйерлерінің матчтың ресми тұлғаларын балағаттап ұрандатқаны, төрешіге тиген заттарды алаңға лақтырғаны және қауіпсіздікті қамтамасыз етпей, бөгде адамның төрешілер бөлмесіне кіруіне жол бергені үшін 300 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Ал төреші Арман Есмұратов ҚФФ Әдеп кодексінің талаптарын бұзып, "Елімай" клубының ресми тұлғаларына қатысты балағат сөздер айтқаны үшін 2026 жылғы 1 қазанға дейін қызметінен шеттетілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: