ҚФФ президенттігінен үміткер алғашқы алты кандидаттың аты-жөні жария болды

Қазақстан футбол федерациясы, президенттіктен үміткер, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 18:21 Сурет: kff.kz
2024 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан футбол федерациясы Сайлау комитетінің отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ҚФФ мүшелері ұсынған Қазақстан футбол федерациясы президенттігіне үміткерлерді тіркеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚФФ президенттігіне тіркелген үміткерлердің алдын ала тізімі келесідей:

  1. Даумов Алтай Алмасұлы, "Алматы облысының футбол қауымдастығы" ЗТБ атынан;
  2. Жамантаев Ерлан Айтпайұлы, "Жеке футбол мектептері мен академияларының республикалық лигасы" ЗТБ атынан;
  3. Қайыров Ербол Қыдырбекұлы, "Ақмола облысының футбол қауымдастығы" ЗТБ атынан;
  4. Лория Давид Григорьевич, "Қарағанды облысының футбол қауымдастығы" ЗТБ атынан;
  5. Мағау Наргис Ерланқызы, "Para Football League" ҚБ атынан;
  6. Омаров Марат Талғатұлы, "Астана қаласының футбол федерациясы" қауымдастығы ЗТБ атынан.

Барлығы ҚФФ мүшелерінен алты үміткер ұсынылды.

Айта кетсек, ҚФФ-ның бұрынғы президенті Әділет Барменқұлов 8 қарашада өз еркімен қызметінен кету туралы шешім қабылдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: