"Қайрат" футзал командасына екі миллион теңгеге жуық айыппұл салынды
Сурет: kff.kz
2024 жылдың 10 маусымында Қазақстан футбол федерациясының Әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Онда қарсылас команданың атрибутикасына құрметсіздік танытқан "Қайрат" футзал клубы ойыншыларының спортқа жат әрекеттеріне қатысты сұрақ қарастырылған.
- "Қайрат" АФК-ға 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. Айыппұлды 2024 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеу қажет;
- "Қайрат"АФК бас директоры А.М.Құжановаға ескерту түрінде тәртіптік санкция берілсін;
- "Қайрат" АФК аталмыш жағдайдың бастамашыларын (араңдатушыларын) тауып, түсіндіру жұмысын жүргізуге міндеттелсін. Нәтижесін 2024 жылдың 24 маусымына дейін хабарласын", - деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript