Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында алтын медаль еншіледі

Сурет: ҚР ҰОК
2024 жылғы Олимпиаданыңкүміс жүлдегері Нариман Құрбанов Чечхонда (Оңтүстік Корея) спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, спортшы ағаш атта жасаған жаттығулары бойынша үздік атанды.

Финалда Құрбанов 14.933 ұпай алды. Екінші орынды 14.633 ұпаймен Ван Хур (Оңтүстік Корея) иеленді. Үшінші орынды Данг Нгок Тхенге (Вьетнам) бұйырды: 14.233.

 13.933 ұпай иеленген тағы бір жерлесіміз Ілияс Азизов бесінші орын алды.

Айта кетейік, қазір құрама активінде үш медаль бар. Бұған дейін Милад Карими спорттық жаттығуда күміс медаль иеленген, сондай-ақ ұлттық құрама көпсайыста қола медаль алған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті