Қазақстандық таеквондошылар АҚШ-та өткен Гран-при турнирінде екі қола медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
АҚШ-тың Шарлотт қаласында таеквондодан 2025 жылғы Grand Prix Challenge сериясының алғашқы кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнирдің екінші күнінде Қазақстан құрамасы екі қола медальмен көзге түсті.

Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Темірлан Тілеулес (58 келіге дейін) пен Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) көтерілді.

Темірлан үшін бұл – World Taekwondo турнирлеріндегі алғашқы жүлдесі. Әсіресе үшінші орын үшін өткен жекпе-жегі ерекше атап өтуге тұрарлық: ол Олимпиада чемпионы, италиялық Вито Делль’Акуиланы 2:0 есебімен жеңді.

80 келіге дейінгі салмақта команданың көшбасшысы саналатын Батырхан Төлеуғали қола медаль үшін болған жекпе-жекте Чили елінің өкілі Хоакин Черчиллмен кездесті.

Бірінші раунд тартысты өткенмен, екінші раундта Батырхан айқын басымдық танытып, жеңіске жетті.

Жүлделерден бөлек, қазақстандық таеквондошылар 2026 жылы Италияның Рим қаласында өтетін келесі Гран-при сериясына қатысуға жолдама жеңіп алды.

Айта кетейік, Шарлотт қаласындағы турнир – Дүниежүзілік таеквондо федерациясының ұйымдастыруымен өтетін 2025 жылғы Grand Prix Challenge сериясының алғашқы кезеңі. Оған 44 елден 376 спортшы қатысып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды