Бублик алғаш рет Медведевті жеңіп, Германиядағы ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Сурет: instagram.com/atptour
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші қазіргі уақытта әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Даниил Медведевтен басым түсті. Айта кетейік, Медведев – US Open турнирінің жеңімпазы.

Шешуші матч 6:3, 7:6(7:4) есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.

Теннисшілер осымен жетінші рет кездесіп отыр, бұған дейінгі алты матчта ресейлік жеңіске жеткен еді.

Қазақстандық теннисші матч кезінде 11 рет эйс жасап, бес қос қателік жіберді, төрт брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды. 

Сонымен қатар Александр Бублик турнир барысында әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнерді де жеңген еді.

Бублик үшін бұл – мансабындағы бесінші ATP титулы. Ол бұған дейін ATP 250 Монпелье (2022), ATP 500 Галле (2023), ATP 250 Антверпен (2023) және ATP 250 Монпелье (2024) турнирлерінде жеңіске жеткен еді. 

Енді Александр осы жеңісінен кейін ATP рейтингінде 45-орыннан 30-орынға көтеріледі.

Бублик Галледе екінші рет жеңіске жеткенін айта кеткен жөн. Екі жыл бұрын ол финалда Ресейдің тағы бір өкілі Андрей Рублевті ұтқан еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз